Айя Шалқар инстаграм парақшасында stories жүктеп, оқырмандарын ойландырып қойды. Суретші желіде жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарды. Ол фолловерлеріне:
«28 жасқа дейін 11 жыл бойы өз-өзіммен, өміріммен және мансабыммен белсенді айналыстым, екі жоғары білім алдым, бүкіл әлемді шарлап, бес түрлі қалада өмір сүрдім. Бірнеше ай бойы терапиядан өтіп, қарым-қатынас құрдым (Құдайға шүкір, бұл қарым-қатынас ұзаққа бармады). Себебі қарым-қатынасымда өткен өмірім үшін кінәлап, қандай киім киіп, қандай косметика қолданатынымды сынау арқылы өзіме деген сенімділігімді төмендетпек болды. Менің гендерлік мәселе, саясат және ғылым жайлы ойларыма күмән тудырмақ болды», — деп Айя Шалқар өзінің пікірі мен ренішін білдірді.
Сондай-ақ, инста модель қыздарға үндеу жасады: «Қыздар, өздеріңді күтіңдер! Жеке шекараңыздан асып жатқан жайттарды байқаған бойда бірден қашыңыздар! Сізге ешкім сенбесе де, ел алдында жүрген адам болсаңыз да мұндай қарым-қатынасты доғару керек. Ұят болса да, кету керек. Сізде бәрі жақсы болады. Маған сеніңіз! Өзіңізге сеніңіз», — деп Айя кеңесін берді.
Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @aya_shalkar