Ninety One тобының мүшесі Bala алғаш рет ауқымды сұқбат берді. Данияр Құлымша бұған дейін бойзбендтен бөлек ашылып оқиғаларымен бөліспеген еді. Тимур Балымбетовке жеке интервьюға барған музыкант Азамат Зенкаевтің топтан кетуі жайлы айтты. Топтың кенжесі A.Z-дің кезінде бөлінгеніне қарсы болған екен. Bala бұл оқиға былай деп түсіндірді.
«A.Z-дің топтан кетуі бір сәтте бола қалған нәрсе емес. Бірнеше жыл ойластырылып, түрлі әңгімелерден кейін соңында оның топтан кетуі жайлы шешім қабылданды. Мен A.Z-дің кетуіне қарсы болдым. «A.Z кетсе, біз де, ол да өкінеді» деген ойда болдым. Оның өзі өкінетінін айтты. Өзім үшін жауап беретін болсам, тарих жолында топтағы бауырымыздың бөлек кеткені өкінішті. Алайда біз болашақты басқаша елестеттік, ал A.Z-дің бөлек ойлағаны бар. Осылайша бөлек кетуге тура келді. Біз қазір басқа студияға көштік. Студияны, офисті көрсетуге, әңгімелесуге A.Z-дің де, біздің де уақытымыз болмай кетті. Оны көрмегелі көп болыпты. Бұрынғы бейнежазбаларын көргенде, «осындай болған екен ғой, әңгімелер айтатын еді» , — деп естеліктер есіме түседі. Бірақ әрқашан ойымда жүреді деп айта алмаймын. Біз үшін бұл нүктесі қойылып, жауап беріліп, қозғамай жүрген әңгіме. Бұған біз де, сізде көндігуіміз керек», – дейді Bala.
Еске салсақ, жігіттер өзара сәлемдері түзу болғанымен, бүгінгі таңда бір-бірімен бұрыңғыдай жақын араласпайды. A.Z-де өнерден алшақтап жүр, себебі рэпер соңғы кездері жаңа туынды ұсынуды қойды.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @bqlq.qi