Сұлулық терминологиясында — «бай қыздың» макияжы деген ұғым жиі кездеседі. Жаңа жылда make up-тың көрінісі жаңа танымалдыдық толқынына ие болды. Өзін-өзі қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар қыздың бейнесі бірнеше факторларға байланысты:
- Сау тері;
- Сәнделген шаш үлгісі;
- Мінсіз жасалған қарапайым маникюр
- Мінсіз макияж.
«Бай қыздың» макияж ұғымын алғаш рет 2015 жылы Вероник Хайланд енгізген еді. Рас, терминнің сипаттамасында гламурлық, сәл немқұрайлы көрініс сипатталған. Қазіргі таңда бәрі табиғи, бірақ мінсіз көрінуі керек.
Ұқыпты жасалған қас үлгісі
Өткен жылғы тренд бойынша қас үлгісі ұқыпсыз және қалың болатын. Тек 12 айдан кейін қарындашпен жақсы боялған текстуралы қастар сәнге айналды.
Мокко Түсі
Қоңыр реңктегі түспен көзге жасалған макияжды осы маусымда make up шеберлері жақсы көрді. Боянған сәтте көбіне фотограф Ирвин Пенннің ұстанымы бойынга классикалық нұсқасын таңдаңыз.
Жарқыраған тері
Жарқыраған әсері бар сау тері сіздің күтіміңіз туралы көп нәрсе айтады. «Бай қыздың» макияжы сіздің косметологқа үнемі барғаныңызды және терінің күйін бақылап отырғаныңызды көрсетуі керек. Нәтижеге тез жету үшін M. A. C Strobe cream бет ылғалдандырғышын қолданыңыз.
Мінсіз жасалған қарапайым маникюр
Түссіз реңкпен жабылған табиғи ұқыпты тырнақтар сіз туралы көбірек айтады. Оны киім немесе зергерлік бұйымдардан гөрі сіздің маникюріңізден байқауға болады. Маникюр неғұрлым қарапайым болса, соғұрлым жақсы.
Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Shutterstock, Instagram.