Баян Алагөзова 50-ге толды! Танымал продюсер мерейтойын дүркіретіп атап өтті. Мақсатқызы өзінің birthday party-ына күллі шоу-бизнес өкілдерін шақырған. Онда олд-скулдан бастап, нью-скулға дейін қадірменді меймандар тізімінде.
Туған күні форматы — Канн кинофестивалі. Арнайы қызыл кілем төселіп, келген қонақтарды толассыз папарацци күтіп тұрды. «ЗОЛОТАЯ BAYANSKAYA ВЕТВЬ» атауына ие болған мерейтой нағыз Голливудтағы шоуға ұлысты.
Туған күннің хедлайнері – Валерий Меладзе. Баян Алагөзова маэстромен дуэт орындады. Қос өнер иесінің коллаборациясы – Тұрсын Алагөзовтың жарына тарту еткен сыйлығы. Мақсатқызына күйеуі сондай-ақ, қымбат маркалы автокөлік берді.
Ал, келген қонақтар бағалы брендтерден сыйлық сыйласа, эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас өзінің 5000 доллар тұратын сахналық костюмін Баян Мақсатқызына табыстады. Ал, продюсер мұндай бағалы образды әзірге гардеробында ұстап, кейін бәссаудаға қойып сатып жібермек.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @bayanmaxatkyzy