Отандық кино және театр актері Берік Айтжанов түрік елінің кинонарығында! Өнер иесі «Осман империясының құрылуы» (Kuruluş Osman) телехикаясының 4 маусымына шақырту алған. Онда Берік, әлемге әйгілі түрік жұлдызы Бурак Өзчевитпен бірге бой көрсетеді. Басты рөлдердің біріне ие болған Айтжанов қатыгез Найман қолбасшының образын сомдаған. Алғашқы бөлімі жарық көрген туындыда Айтжанов, Бурактың тікелей жауы атанады. Еске салсақ, актер бұған дейін 2021 жылы жарық көрген түріктің «Аңыз» (Destan) лентасында актриса Эбру Шахимен бірге түскен еді.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram @berik_aitzhanov

Поделиться: