Жұлдыздардың танымалдылыққа дейінгі кездері әрқашан да қызық. Әсіресе медиа тұлғалардың жанкүйерлері үшін. Олар кумирлерінің өнер жолын бастамай тұрған сәттерін жиі көргісі келеді. Harper`s BAZAAR Kazakhstan ұжымы шоу-бизнес өкілдерінің жастық шағына саяхат жасап, бүгінгі таңда қандай өзгеріске ұшырағандарын ашып көрсетпек. Біздің «Жұлдыздар танымалдылыққа дейін және қазір…» яғни «до и после» айдарының кезекті кейіпкері – блогер, инста жұлдыз, контентмейкер Сара Шакет.

Сара Шакет – YouTube-блогер. Сондай-ақ, Сара 358 мың фолловері бар инстаграм парақшасын жүргізеді. Инста жұлдыз өзінің блогында fashion, travel, beauty сынды тақырыптар бойынша сапалы контент ұсынып отырады. Әр посты арқылы эстетика мен әдемілікті көрсете алатын Сара, 2017 жылдан бастап ғаламторда белсенді. Сол кезден бері Шакет-тегін әрбір оқырман кумир санай бастаған.

Алайда өмірі мен басынан өткізіп жүрген әбір сәтімен бөлісіп жүрген Сара, өзін жұлдыз санамайды. Барынша қарапайыммын дейтін блогер, өзгеге мотивация сыйлау шабыттандырады деп отыр.

Сара 2024-жылдың 14-ақпан күні 22 жасқа толады. Материалдан Сараның кішкентай кезі мен қазіргі таңда қаншалықты өзгергенін көре аласыз. 2008 жылы таспаланған фотосуреттен блогердің камераны жаны сүйетінін байқауға болады. Арада 15 жыл өтсе де Сара барынша табиғи қалуға тырасады. Ең бастысы заманауи контент үшін трендтен қалмау. Kiing Sarah өзін оқитын әрбір жасөспірім қыздар: өзін-өзі жақсы көріп, ел-жер аралап, барынша шынайы болса дейді. «Сонда ғана сен өзіңді бақытты санайсың», — дейді инста жұлдыз.  


Автор. Гүлдана Мұқан. Фотосуреттер: Кейіпкердің жеке мұрағатынан.

Поделиться: