Барлық жастағы әйелдердің омырауында проблема туындауы мүмкін. Оған еттекірден бастап бірқатар ауруларға дейін себеп болады. Сондықтан дәрігерлер күн сайын өзіңізді тексеріп, ауытқулар анықталса, мамандарға жүгінуге кеңес береді. Сол себепті біз әр нәзікжанды назар аударуы тиіс көкіректегі бес өзгеріс тізімін жариялаймыз.

омырауында проблема

Көкіректегі түйіндер

Түйіндер көкіректе ғана емес қолтықтың астында да кездеседі. Бірақ олардың пайда болуының да бірқатар себептері бар.

Емшектің өзгеруі

Егер сіз емшегіңіздің көлемі не түсін өзгергенін байқасаңыз, бірден дәрігерге жүгініп, қосымша тексерулерден өтіңіз.

Ауырсыну

Етеккір не алған жарақат болмаса, омырау ауырмауы тиіс. Басқа себептермен ауырсынуларды сезсеңіз дәрігерге жүгініңіз.

омырауында проблема

Белгісіз сұйықтықтың пайда болуы

Емшектен ешқандай сұйықтық ақпауы керек. Ол тек бала емізетін және арнайы препараттар қолданатын әйелдерде ғана болады. Басқа жағдайларда сұйықтық проблеманың бар екенін көрсетеді.

Тері түсінің өзгеруі

Кейде тері түсі өзгеріп, қызарады. Көкіректе ойықтар мен қабықшалар пайда болады. Олар да бір проблеманың бар екенін білдіреді.

Көкірегіңізде осындай белгілер пайда болса, міндетті түрде маманға жүгініңіз. Нақты диагнозды тек дәрігер ғана қоя алады.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Shutterstock.

Поделиться: