Данияр Алшынов Голливудты бағындыруда! Актер Нью-Йорк қаласында өткен International Emmy Awards шарасында қадірменді қонақтар тізімінде болды. Кино жұлдыз қызыл кілемде Prada брендінің образында бой көрсетті. Алшыновтың аутфиті — классикалық үлгідегі қою көк түсті костюм, қара түсті базалық жейде және лоферы. Look түгелдей әйгілі сән үйіне тиесілі.

Еске салсақ, Данияр Алшынов басты рөлді сомдаған «INFINITI» туындысы «International Emmy Awards» марапатында номинат атанды. Аталмыш жоба Эмми марапатының «TV Movie/Mini-series» катергориясы бойынша бақ сынады.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @dalshino

Поделиться: