Таяуда ғана кинопродюсер атанған Дариға Бадықова нарықта рекорд орнатты. Актрисаның тырнақалды «Таптым-ау сені» туындысы айналымдағы небәрі 10 күннің ішінде 1 миллиард 100 миллион касса жинаған. Дәл осы ақпаратты Kinopark-Kinoplexx компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Дариға Бадықова мен Олжас Абай басты рөлді сомдайтын романтикалық комедия Сәуле мен Жексен атты екі жан достың хикаясы жайлы. Алғашында әріптес болып жүрген олар, араларында сезім барын түсінеді. Қызық сол жерден басталмақ.
Сондай-ақ фильмнің саундтрегі Youtube желісінде 15 миллион қаралым жинап, трендте тұр.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @dariga_badykova