Дильназ Ахмадиева өнерде де өмір де жақын араласқан құрбысы Мақпал Исабековамен неге араласпай кеткенін ашып айтты. Әнші Тимур Балымбетовке сұқбат беріп, көптің көкейіндегі сұрақтарға жауап берді. Талай жыл жақыны болған досы жайлы жан сырын ақтарған Дильназ, Макосяймен 4 жылдан бері қарым-қатынасын үзген екен. Оған себеп арадағы сатқындық болса керек.

«Араласпай кеткенімізге төрт жыл болды. Біз енді жақын құрбы емеспіз. Солай болып қалды. Жолымыз бөлек екен. Екеуміздің достыққа деген көзқарасымыз да әр түрлі екен. Жаман ештеңе болған жоқ. Көрген жерде амандасып тұрамыз. Бір-бірімізді көрместей болып кеткен жоқпыз. Соңғы кезде қасымдағы жақындарым азайып қалды. Анамды есептемегенде жақын деген үш адамым ғана бар. Маған манипуляция жасады, алдады, сатқындық жасады. Осының бәрін құрбыларым жасады. Енді ондай құрбылардың болғанын қаламаймын», — деді Ахмадиева.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @dilnaz_akhmadiyeva. Автор. @photolol.x

Поделиться: