«Менің бала күнгі арманымды орындады!» Мерей Әбілова ең бақытты қалыңдық. Таяуда ғана танымал аяқдопшы Дінмұхаммед Қашкенге тұрмысқа шыққан блогер, тағы да ақ көйлек киді. Жас жұбайлар Мальдив аралдарында екінші рет үйленді. Жағажайда жасалған кішігірім той құдды ертегі әлеміндегідей өткен. Тіпті, ғашықтар үшін арнайы неке қию салтанаты жасалды. Екінші рет неке куәлігіне қол қойған Мерей мен Димаш ерекше сәтті желіде бөлісті. Бүгінде жас отбасы Мальдив аралдарында бал айын өткізіп жатыр. Еске салсақ, олар Дубайға 2 айға уақытша көшкен болатын.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @abilovva_m

Поделиться: