Димаш Құдайберген Сербиядағы ағайынды «Карич қорының» сыйлығын алды. 3 желтоқсан күні Белградта белді бауырлардың марапаттау рәсімі өтті. Ұлттық театрдың киелі сахнасында Димаш қазақтың халық әні «Самалтау» және композитор Игорь Крутойдың «Mademoiselle Hyde» әнін шырқады.

«Құрметті достар! Бүгін Сербияның Белград қаласында «Karić brothers award» сыйлығына ие болдым. Мені әрдайым қолдап жүрген барша тыңдарман қауымға шын жүректен алғыс. Ағайынды Карич сыйлығы әлемге әйгілі ғылым, журналистика, экономика, мәдениет және қоғам қайраткерлеріне табысталады. 1979 жылдан бері Карич қорының сыйлығы бұған дейін Нобель сыйлығының лауреаттары Ж.Альферов, П.Хандке, Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаев, кинорежиссер Е.Кустурица, қоғам қайраткері М.Мазари, теннисші Новак Джокович, актер Стивен Сигал – барлығы 150-ден астам дарынды адамдарға табысталған болатын», – деп өзінің инстаграм парақшасында Димаш жүлдесін көрсетіп, оқырмандарынан сүйінші сұрады.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @kudaibergenov.dimash

Поделиться: