Динара Бақтыбаеваның отбасында қуаныш. Актрисаның кенже қызы Алиша 1 жасқа толды. Кино жұлдызы кішкентай ханшайымының туған күнін дүркіретіп атап өтті. Динара мерекелік шараға қызымен бірдей образда бой көрсетті. Күлгін түсті арнайы көйлек тіккізген актриса инстаграм stories-ында барлық ақпаратпен бөлісті.
Бақтыбаеваның тұңғышы Аяна бүгінде 3 жаста. Еске салсақ, актриса таяуда ғана толықметрге түсу үшін Алматы қаласына арнайы біраз уақытқа келген. Өзі түсірілім алаңына кенже қызын алып келсе, үйінде үлкенін күйеуімен қалдырған еді.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @dika_strai