Қуаныш Бейсек Instagram парақшасында жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасады. Танымал режиссер жары, актриса Ғазиза-Таншолпан Тілеубаймен ажырасқанын хабарлады. Ол сторисінде бұрынғы жұбайын белгілеп, бұл туралы оқырмандарына жеткізді. Сонымен қатар, дос болып қалатынын және ортақ қыздары үшін әрдайым байланыста болатынын айтты.
«@gazizaaz екеуміз маңызды жаңалығымызбен бөліскім келеді: біз енді ерлі-зайыпты емеспіз. Дегенмен, біз жақсы достар болып қала береміз және қызымыздың ата-анасы ретінде әрдайым бірге боламыз.»


Фото: Instagram Stories @kukabeisek @gazizaaz
Еске салсақ, Қуаныш Бейсек пен Ғазиза-Таншолпан Тілеубай 2023 жылдың шілде айында шаңырақ көтерген болатын. Ал 2024 жылдың қаңтарында жұлдызды жұптың Ғайнижамал есімді қызы дүниеге келген еді.

Фото: Instagram Stories @kukabeisek


Фото: Instagram Stories @kukabeisek @gazizaaz
Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото: Instagram @kukabeisek