«Дос-Мұқасан» ансамблін құрушылардың бірі Александр Литвинов өмірден өтті. Қайғылы жаңалық әйгілі ансамблдің инстаграм парақшасында жарияланды.

«Бүгін түнде 75 жасқа қараған шағында Литвинов Александр Михайлович дүниеден өтті. Ол біздің ансамбльдің негізін салушылардың бірі, барабаншы болды. «Дос-Мұқасан» ансамблі балаларына, туған-туыстарына, жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Ол біздің жүрегімізде ең ақкөңіл, мейірімді, адал, жанашыр және жарқын адам ретінде сақталады! Жатқан жері жайлы болсын!» – ұжым мүшелерінің атынан осындай арнайы жазба қалды.

Еске салсақ, «Дос-Мұқасан» — Қазақстандағы алғашқы кәсіби ВИА. Ансамбльді Қазақ политехникалық институтының студенттері құрады. Ансамбль атын венгриялық студенттер отряды берді: шетелдіктер ансамбль атын оның негізін қалаушылардың есімдерінің бірінші буындарынан құрастырған: «Дос» — топ жетекшісі Досым Сүлеев, «Му» — Мұрат Құсайынов, «Қа» — Қамит Санбаев, «Сан» — Санья (Александр) Литвинов.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @dos_mukasan_official

Поделиться: