2023 жылдың ақпан айында ақ келін атанып, тұрмысқа шыққан Гүлназ Жоланова үйлену тойының кадрларымен енді ғана бөлісті. Актриса өміріндегі маңызды күнді алғашында оқырмандарынан жасырып жүрген еді. Оған себеп сылқым «күйеуім өнерге қатысы жоқ адам, оны бұл салаға мүлдем араластырғым келмеді», — деп жазған болатын.

«Естелік болсын!». Дәл осылай тойдан ерекше видео салған Гүлназдың бақытты екенін байқауға болады. Актриса бұл күні «Орда» тобын арнайы шақырған. Әйгілі ұжым жас жұбайлар үшін «Жауап бер» әнін орындап берген.

Гүлназ Жоланова
Источник фото: Instagram @zholanova_gulnaz

Еске салсақ, Гүлназдың тойы Өскемен қаласында өтті. Актриса өнердегі достарын салтанатты шараға жинап, желіге жүктемеулерін өтінген.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @zholanova_gulnaz

Поделиться: