«Енді үшінші сыйлайтын сақинаң неке жүзігі болсын деп намектай берейін, рақмет барлығы үшін!». Ерке Есмахан инстаграмдағы stories-ында жігітіне алғыс білдіріп, оқырмандарын тағы да қызықтырып қойды. Әншінің сүйіктісі Милан қаласындағы сапарында BVLGARI, CARTIER брендтерінің жүзігін сыйға тартқан.

Ерке Есмахан

«Енді үшінші рет неке жүзігін күтемін», — деп Ерке жазба қалдырса, Райм Еркемен берге фото жүктеп фолловерлердің сұрағына жауап бергендей. Суретте бақытты Райм мен Еркені байқауға болады. Бұған дейін TikTok желісінде қос жұлдыздың көңіл жарастырғаны туралы ақпарат тараған еді. Бүгінде Райм бұл қауесетке нүкте қойды.

Ерке Есмахан

Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.

Поделиться: