«Ғашықтар мекені – Парижге қанша жолым түссе де, қанша жыл өтсе де тек 2022 жылы бардым», — дейді Ерке Есмахан. Бұған себеп, сылқым бала күнінен Эйфель мұнарасын тек сүйіктісімен көруді армандаған екен. «Париж – бала арманым» деп бастайды әнші инстаграмдағы кезекті постын! Жылды қорытындылап, бақытты сәттеріне шүкіршілік еткен ару қазіргі жолықтырған ғашығын «мәңгілік махаббатым» деп жазып қойған. Фолловерлер өз кезегінде Еркеге бақыт тілеп, сүйіктісінің кім екенін тезірек білуді армандайтындарын жазған.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.