Сүйінші! Тәуекел Мүсілім мен Махаббат Мүсілімнің отбасында қуаныш. Жұлдыз жұп үшінші мәрте ана-атанатындарын мәлімдеді. Мұндай жағымды жаңалық Динара Сәтжанның «Late night show» бағдарламасында Тәуекел мен Махаббат қонақта болған сәтте айтылды.
«Әйелім күнделікті уақытымның 70 пайызы балаларға кетеді деп шағымданып жүрген. Жақында 100 пайыз уақытын балаларымызға арнайтын болады. Себебі біз үшінші сәбиімізді күтіп жүрміз. Бұл жаңалықты әлі еш жерде жарияламадық. Сондықтан Динара Сәтжанның бағдарламасындағы эксклюзив жаңалық деп айтуға болатын шығар. Бірақ әлі ұл немесе қыз екенін білмейміз», – деді актер.
Еске салсақ, Тәуекел мен жары Махаббат бүгінде Айтөре және Әмір атты екі ұл тәрбиелеп отыр.
Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @mahonti__