Жұлдыздардың танымалдылыққа дейінгі кездері әрқашан да қызық. Әсіресе медиа тұлғалардың жанкүйерлері үшін. Олар кумирлерінің өнер жолын бастамай тұрған сәттерін жиі көргісі келеді. Harper`s BAZAAR Kazakhstan шоу-бизнес өкілдерінің жастық шағына саяхат жасап, бүгінгі таңда қандай өзгеріске ұшырағанын ашып көрсетпек. «Жұлдыздар танымалдылыққа дейін және қазір…» яғни «до и после» айдарының кезекті кейіпкері — актриса Фариза Ескермес.

Фариза Ескермес шығармашылығын әншіліктен бастаған. Ол 2016 жылы құрылған «Джейран» тобында өнер көрсеткен еді. Алайда гелзбендтің тағдыры ұзаққа бармады. Фариза әнші атанбас бұрын артық салмақпен күрескенін жасырмайды. Сылқым 11 жыл бұрын 60 келі болған фотосуретін көрсетті.

Фариза Ескермес бүгінде сұраныстағы актриса. Талай танымал телехикаяларда бой көрсетіп жүрген Фариза мінсіз мүсінін бір қалыпта ұстап тұру үшін дұрыс тамақтанып, спортпен айналысады. Ал, Фаризаның бет-әлпетінің өзгеруіне пластикалық ота емес, face fitness көп көмектескен. Актриса сұлулық саласында да өзінің бағын сынап, талай нәзік жандыларға көмектесу мақсатында жиі тренинг өткізеді.


Автор. Гүлдана Мұқан. Фотосуреттер: Кейіпкердің жеке мұрағатынан.

Поделиться: