Фариза Ескермес ақ келін атанбақ! Актрисаға сүйіктісі жүрегі мен жүзігін сыйлап, тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Фаризаның өміріндегі ең маңызды сәт Үнді мұхитының жағалауында, Мальдив аралдарында болған. Еске салсақ, Ескерместегі 2 жылдан бері Андрей Чалков есімді ер азаматпен қарым-қатынаста және олар бір шаңырақ астында тұрып келеді.
Андрей Чалков сүйіктісіне бриллиант сақина таққан. Романтикалық кешкі астың әдемі кадрларымен Фариза өзінің инстаграм парақшасында бөлісті. Олай болса, болашақ жас жұбайларға баянды махаббат тілейміз!
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @fariza_yeskermes