Гүлназ Жоланова жеке өміріндегі құпияларымен бөлісті. Таяуда ғана тұрмысқа шығып, ақ келін атанған актриса отбасын жиі көрсетпейді. Себебі, кино жұлдызына жанұясы жайлы ақпараттармен бөлісуге тиым салынған екен. Актриса тіпті өзінің инстаграм парақшасына family контент те сала алмайды. Желіні тек шығармашылығына арнайды. Гүлназдың айтуынша бұл күйеуінің қалауы. Қазіргі таңда жас жұбайлар Таиланд аралдарында бал айын өткізіп жатыр. Олар шет елде 1 айға жуық болады.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @zholanova_gulnaz Автор @gaukhar_omar

Поделиться: