Гүлназ Жоланова инстаграм парақшасына аяғы ауыр сәтінен видео жүктеп, оқырмандарынан сүйінші сұрады. Актриса түрлі образға арнайы контент жасап, оны reels-ке салған. Видеода Гүлназдың аяғы ауыр екені байқалады. Алайда, оқырмандар Жоланованың сәбиін босанып алғанын жарыса жазуда. Фолловерлердің бірі актриса жүкті деп жатса, екінші тарап біраз уақыт бұрын ана атанып үлгергенін алға тартты. Еске салсақ, желіде 1 миллион аудиториясы бар Гүлназ Жоланова соңғы кездері белсенділігін азайтқан. Оған қоса, актрисаның өзі әзірге ешқандай нақты ақпарат бермеді.  


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @zholanova_gulnaz

Поделиться: