Индира Еділбаеваның инстаграм парақшасы тойдың контентіне толы. Әнші әрі актриса өміріндегі ең маңызды күнге қызу дайындалып жүр. Осы жылдың сәуір айында сүйіктісінен тұрмысқа шығуға ұсыныс алған Инди, жарты жылдан бері үлкен тойды жоспарлап жүр. Сылқым желіде күйеужігіттің образын көрсетті. Еске салсақ, Еділбаеваның жүрегін жаулаған сері — Камирдинов Камалдин. 31 жастағы сері бүгінде The Limba, Moreart, Liili сынды әртістердің менеджері болып қызмет етеді. Инди мен Камалдиннің тойына аз ғана уақыт қалды. Инди алдағы уақытта оқырмандарымен кеңесе отырып той көйлегін таңдамақ.

Фото. Instagram @indi_edilbayeva


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @indi_edilbayeva

Поделиться: