Jah Khalib-тің басы дауға қалды. Музыкант 25 қарашада Өзбекстанның Ташкент қаласында соло концерт өткізген еді. Сол кеште тыңдарман тапталып қалған. Өкініштісі сол, мыңдаған жанкүйер аренаға сыймай, бір-бірін таптап, соңы үлкен дауға ұласты. Тіпті, аяғы ауыр келіншек қайтыс болды деп жатқандар да бар.

Сыртта болып жатқан жағдайдан Jah Khalib -тың өзі бейхабар болған екен. Себебі, адамдар тапталған сәтте, рэпер сахнада өнер көрсетіп жатқан. Ал, мұндай ажиотажға алаяқтар кінәлі. Олар бір билетті бірнеше адамға сатып жіберген. Соның кесірінен ресми сайттан алғандар да ішке кіргізілмеді. Қазіргі таңда Өзбекстан Республикасының құқық қорғау қызметі тәртіп бұзушылар мен алаяқтардың ісін қатаң қарап жатыр.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @jahkhalib

Поделиться: