Жәния Джуринская екінші мәрте ана атанды. Актриса дүниеге шекесі торсықтай ұл әкелді. Данияр Хизметов мен Жәния қуанышты жаңалықты «Мына әлемге қош келдің ұлым!», — деп жазба қалдырып, инстаграм парақшаларында бөлісті. Оқырмандарынан сүйінші сұраған қос блогер әзірге атұстарларына есім таңдап үлгермеген. Еске салсақ, жұлдыз отбасы бүгінде София есімді 2 жасар қыз тәрбиелеп отыр.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @djurinskaya