Бүгінде Ерке Есмахан сахнада емес, сахна сыртында қызметте жүр! Әнші күйеуі Раймның жеке кешінде көмек көрсетіп, жарына қолдау білдірген. Ерке тіпті сүйіктісінің сахналық образдарын дайындап, қажет болса үтіктеп берген. Бұл сәтті инстаграм желісінде бөліскен Райымбек, оқырмандарына «әйелім» деп мақтанышпен көрсетті. Музыкант бұған дейін жеке парақшасында жұбайына бірде-бір арнайы пост салмаған еді.
Еске салсақ, Райм бүгінде Қазақстан бойынша концерттік тур өткізіп жүр. Ал Ерке өнер әлемінен біраз уақытқа алшақтаймын деп айтқан еді.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.