Биыл шоу-бизнесте отау құру жылы! Танымал аруларымыз бірінен соң бірі ақ келін атанып жатыр. Күні кеше Кәмшат Жолдыбаева ұясынан ұшты. 35 жасқа келген әншіге сырға салынып, ұзатылып жатқан сәті желіге тарап жатыр. Жұлдызды жар етіп алған жас актер — Ғазірет Ержанов.

Сері Камшаттан 6 жас кіші. Жұп бірнеше жылдан бері көңіл жарастырған еді. Фанаттар арасында Mr. & Mrs. Smith атанған жас жұбайлардың арасында сезім оты телехикаяға бірге түскен соң тұтанған еді. Енді қос жұлдыздың үлкен тойын күтеміз!


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.

Поделиться: