Лондонда саяхаттап келген Ерке Есмахан, бірден келіндік өміріне кірісіп кетті. Бүгінде өнерден үзіліс алып, сахнаға шықпай жүрген әнші осылайша отбасына көңіл бөліп жүр. Жас келін атанған сылқымның инстаграм stories-ына салған видеосы көпшілікті тәнті етті. Онда, Ерке самаурын қайнатып, ауланы сыпырып, өзінің пысықтығын көрсетіп жүр.
Сондай-ақ, Ерке күйеуі RaiM-мен қалай заңды некеге отырғандарын көрсетті. Қос ғашық бұл маңызды күнде ешкімді шақырмай-ақ, 20 минутта қарапайым етіп өткізген. Оған қоса, ресми күні Ерке мен RaiM әдемі образ таңдап әлек болмай-ақ, күнделікті киімдерімен барған.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @erke_esmahan