«КешYou» тобы АҚШ-ты бағындыруын жалғастыруда. Таяуда ғана мұхит асып, әйгілі рэпер Snoop Dogg-пен дуэт жазып, бейнебаян таспалаған Баян Алагөзованың арулары енді АҚШ-та концерт береді. «КешYou»-дің жеке кешін Snoop Dogg-пен бірге өткізбек. Мұндай қуанышты жаңалықты — қыздардың продюсері Баян Мақсатқызының өзі инстаграм парақшасында мәлемдеді. Қазіргі таңда гелзбэнд дайындығын бастап кеткен.

Концерт АҚШ-тың солтүстігінде орналасқан Висконсин штатының әкімшілік орталығы Милуоки қаласында өтеді. Шоуға толы кеш 15 маусымға жоспарланып отыр.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @keshyou_official

Поделиться: