Арман Юсупов пен Карина Оксукпаеваның кенже ұлы Дамир 1 жасқа толды! Блогерлер отбасы айтулы мерекені кішігірім атап өтуді жөн көрген. Отбасы мүшелерімен ғана үйде ұйымдастырылған шағын ғана party-де Дусяның тұсауы да кесілді. Миллиондап шығындалмай, дүркіретіп атап өтпей-ақ, Арман мен Карина атұстарының алғашқы тойын салт-дәстүрге сай жасаған. Ал Дуся болса, қолына кітап алды. «Ақылды жолды таңдады», — деп анасы Карина желіде өзінің эмоциясымен бөлісті.
Арман мен Карина есесіне, ұлының туған күніне арнайы контент жасап, кішкентай кезінен бастап әр сәтін таспаға тартып алған.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @oksukpaevak