Марйам Сатай екінші рет нәрестелі болды. Актриса әрі цирк әртісі, оған қоса каскадерлік қызметті де атқаратын талантты ару бірнеше күн бұрын шекесі торсықтай ұлды дүниеге алып келді. Жағымды жаңалықты Марйам Сатай өзінің инстаграм парақшасында перзентханадан отбасылық фото жүктеу арқылы бөлісті. Еске салсақ, Марйам Сатайдың күйеуі өзінің әріптесі, әйгілі «Nomad Stunts» халықаралық каскадерлер тобының мүшесі — Есболат Әбдіберік. Жұптың тұңғыш қызының есімі Иман. Ал жаңадан туылған бөбектің аты әзірге беймәлім. Мари тек перзентханадан үйлеріне шыққанын ғана мәлімдеді. Олай болса бауы берік болсын деп тілейміз!
Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @marysatay