Бетке өзін-өзі массаж жасау: шын мәнінде нәтиже беретін 5 ереже
Фото. Shutterstock.com. Автор. Prostock-studio.

Бетке өзін-өзі массаж жасау: шын мәнінде нәтиже беретін 5 ереже

23 апреля 2026

Бетке өздігінен массаж жасау — терінің тонусын сақтаудың және бұлшықеттерді босаңсытудың тиімді тәсілдерінің бірі. Әрине, бірден көзге көрінетін түбегейлі өзгерістерді күтудің қажеті жоқ. Алайда қимылдарды дұрыс орындасаңыз, терінің реңін сергітіп, бет контурын сәл айқындап, ісінуді азайтуға болады. Harper’s BAZAAR Kazakhstan бұл процедураны барынша тиімді етуге көмектесетін қарапайым кеңестерімен бөліседі.

1. Оны күнделікті әдетке айналдырыңыз

Таңертең және кешке күтім құралдарын теріге ретсіз жағудың орнына, оларды жұмсақ қимылдармен төменнен жоғары қарай және бет ортасынан шетке қарай таратуға тырысыңыз. Бұл небәрі бірнеше секунд уақытыңызды алады, бірақ уақыт өте келе жинақталған әсер береді.

2. Бет құрылымын түсініп алыңыз

Беттегі бұлшықеттердің қай жерде орналасқанын және олардың бір-бірімен қалай байланысатынын білу процедураны саналы түрде орындауға көмектеседі. Тіпті анатомия туралы базалық түсініктің өзі қимылдарыңызды дәлірек әрі нәтижелірек етеді.

Самомассаж лица: 5 правил, которые действительно работают
Фото. Shutterstock.com. Автор. Ladanifer.

3. Мойын аймағын ұмытпаңыз

Көп жағдайда жас белгілерін беттен бұрын мойын аймағы байқатады, бірақ дәл осы бөлік жиі күтімнен тыс қалып жатады. Мойындағы кернеу теріні төмен қарай тартып тұруы мүмкін. Сондықтан бұғана тұсынан жақ сызығына дейін жұмсақ айналмалы қимылдар қосып, күтім құралдарын бұл аймаққа да міндетті түрде жағыңыз.

4. Қимылдарды ортасынан шетке және жоғары бағытта жасаңыз

Ең маңызды қағидалардың бірі — массаж қозғалыстарын бет ортасынан периферияға қарай және сәл жоғары бағыттау. Бұл бет әлпетін визуалды түрде көтеріңкі көрсетіп, гравитацияның әсерін аздап теңестіруге көмектеседі.

5. Қолданатын өнімнің текстурасын ескеріңіз

Массаж үшін майлар немесе қоюлау кремдер жақсырақ келеді. Олар теріге жақсы сырғанау береді және терінің созылып кетуінен қорғайды. Ал жеңіл сарысулар (сывороткалар) тез сіңіп кететіндіктен, бұл мақсатқа онша қолайлы емес. Егер сырғанау аз болатын техникаларды қолдансаңыз, теріні зақымдап алмау үшін өте мұқият болған жөн.

Harper's BAZAAR France ұсынған мақаланың түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше