Қою қызыл түсті ұмытыңыз: осы күзде қайталағыңыз келетін шоколадты хромның ерекше 6 түрі
Фото. Instagram @nails_of_nv және @paintedbycourtney

Қою қызыл түсті ұмытыңыз: осы күзде қайталағыңыз келетін шоколадты хромның ерекше 6 түрі

02 сентября 2026

Қанық кофе мен какао реңктері — күз маусымының өзгермейтін фавориттері. Әсіресе nail-индустрияда олардың танымалдығы жыл сайын артып келеді. Ал шоколадты хром табиғи жер реңктерінің жылуын футуристік айнадай жылтырмен үйлестіріп, маникюрге қанық әрі сәнді көрініс береді. Мұндай дизайн кашемир жемпірлермен, оверсайз тренчтермен және көлемді алтын әшекейлермен ерекше жарасады.

Ыстық шоколад

Забудьте о бордо: 7 вариантов шоколадного хрома, которые захочется повторить этой осенью
Фото. Instagram @millieflemming_

Трендтің ең классикалық нұсқасы — еріген қара шоколад түстес қанық негізге алтын-қола немесе інжу реңкті ұсақ хром ұнтағын жағу. Айнадай жарқыл түске қосымша тереңдік беріп, оны шамадан тыс металлик реңкке айналдырмайды. Әсіресе қысқа және орташа ұзындықтағы бадам пішінді тырнақтарға әдемі көрінеді.

Сүтті шоколад

Забудьте о бордо: 7 вариантов шоколадного хрома, которые захочется повторить этой осенью
Фото. Instagram @reset.salon.kw

Ашық түстерді ұнататындар үшін нәзік әрі күнделікті өмірге бейімделген нұсқа. Жартылай мөлдір немесе кремді мокко негізіне жағылған жұқа інжу хромы карамель глазуріндей әсер қалдырады. Беж және сүт түстес базалық гардеробпен тамаша үйлеседі.

Эспрессо

Забудьте о бордо: 7 вариантов шоколадного хрома, которые захочется повторить этой осенью
Фото. Instagram @klawsbysonia

Қара түске барынша жақын, сәл готикалық әсері бар, бірақ жылы реңкін жоғалтпайтын қою эспрессо түсі. Металлик ұнтақ қара лакқа сұйық шыныға ұқсас жылтыр беріп, маникюрді ұстамды әрі сәнді көрсетеді. Классикалық бургундия мен қара глянецке жақсы балама.

Қола хромды карамель френч

Забудьте о бордо: 7 вариантов шоколадного хрома, которые захочется повторить этой осенью
Фото. Instagram @_thenailtech._

Жылы металлик реңктердегі микрофренч пен классикалық френч — осы күздің басты микротрендтерінің бірі. Бейтарап, жартылай мөлдір негіздің ұшына қола-шоколад түстес хром пигментімен жіңішке сызықтар түсіріледі. Қатаң дресс-кодты ұстанатын, бірақ трендтен қалғысы келмейтіндер үшін таптырмас таңдау.

Тасбақа сауытындай принт

Забудьте о бордо: 7 вариантов шоколадного хрома, которые захочется повторить этой осенью
Фото. Instagram @vivian.nails.nuthallroad

Анималистік тасбақа принті — күзгі маникюрдің ескірмейтін классикасы. Бұл маусымда оны хромдалған тамшылармен, көлемді металлик жиектермен және глазурь әсері бар элементтермен үйлестіру өзекті. Кәріптас-қоңыр түсті мөлдір қабаттар мен салқын айнадай жылтырдың контрасті дизайнға күрделі әрі ерекше текстура береді.

Қою қанық қызыл түс

Забудьте о бордо: 7 вариантов шоколадного хрома, которые захочется повторить этой осенью
Фото. Instagram @gracefeeneynails

Ащы шоколад пен піскен алхоры реңктерінің ортасындағы күрделі түс. Жарықтың түсуіне қарай жабын қою қоңырдан металлик жылтыры бар бәсең баклажан реңкіне дейін құбылады. Мұндай түс әсіресе күздің жұмсақ, шашыраңқы жарығында әсерлі көрінеді.


Авторы. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше