Сахнада 11 жыл! Ninety One тобы камбэк жасай ма?
Фото. Instagram @ninetyone.

Сахнада 11 жыл! Ninety One тобы камбэк жасай ма?

Гүлдана Мұқан
03 сентября 2026

Қазақстандық Q-pop бағытының танымал өкілдерінің бірі Ninety One тобы жанкүйерлерін қуантқан жаңалығымен бөлісті. Топтың 11 жылдығына орай музыканттар Instagram желісінде тікелей эфирге шығып, Eaglez-бен жүздесті. Эфир барысында ZAQ топтың алдағы жоспарына қатысты көптен күткен мәлімдеме жасады. Музыканттың сөзінше, Ninety One келесі жылы камбэк жасауды жоспарлап отыр.

«Келесі жылы камбэк жасауға ниеттеніп отырмыз», — деді ZAQ.

Бұл мәлімдеме әлеуметтік желіде бірден қызу талқыға түсті. Ninety One-ның фан-парақшалары жаңалықты жарыса бөлісіп, топтың қайта оралуына қатысты қуаныштарын білдіріп жатыр. Әсіресе, Ninety One-ның жаңа музыкасын күткен Eaglez үшін бұл жаңалық ерекше тосын сый болғаны сөзсіз.

Әзірге топ камбэктің нақты мерзімі, жаңа релиз немесе басқа да жоспарлары туралы толық ақпарат жариялаған жоқ. Дегенмен ZAQ-тың мәлімдемесіне сүйенсек, 2027 жыл Ninety One үшін жаңа кезеңнің бастауы болуы мүмкін.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше