Нашарлап барады: Ғалымдар Z ұрпақ туралы алаңдатарлық қорытындылар жасады
Фото. Shutterstock.com. Авторы. Standret.

Нашарлап барады: Ғалымдар Z ұрпақ жайлы алаңдатарлық қорытындылар жасады

12 февраля 2026

Z ұрпақ — шамамен 1997–2010 жылдары дүниеге келгендер — қазіргі тарихта алдыңғы буынға қарағанда оқуда орта есеппен әлсіздеу нәтиже көрсететін алғашқы буынға айналды. Бұл туралы, New York Post хабарлағандай, нейробиолог Джаред Куни Хорват мәлімдеді.

Кәсіби маманның пікірінше, стандартталған тесттердің деректері тұрақты үрдісті көрсетеді: бүгінгі жасөспірімдер мен жастар оқу тапсырмаларын өздерінен бұрынғыларға қарағанда нашар орындайды. Ең таңқаларлығы — соған қарамастан, олардың көбі өздерінің зияткерлік дайындығы жоғары екеніне кәміл сенеді.

«Стандартталған академиялық тесттерде алдыңғысынан төмен нәтиже көрсеткен алғашқы буын — солар. Соның өзінде олардың көбі өз мүмкіндіктерін асыра бағалайды», — деді ғалым.

Стало хуже: ученый сделал тревожные выводы о поколении Z
Фото. Shutterstock.com. Автор. DC Studio.

Қай тұста қателестік?

Маманның пайымынша, бұған басты себеп — бұл экранға үнемі телміріп өскен алғашқы буын екені.

Оның сөзінше, жасөспірімдер ояу уақыттарының жартысынан көбін экран алдында өткізеді. Бұл олардың қалай оқитынына тікелей әсер етеді.

«Адам биологиялық тұрғыдан өзгелерден үйренуге және материалға терең бойлау арқылы білім алуға бейімделген, ал экранды тез шолып шығу мен қысқа аңдатпалар арқылы емес», — деп түсіндірді Джаред.

Терең оқудың орнын экрандар басты

Бүгінде цифрлық құрылғылар мектеп оқушыларын дерлік үнемі ілесіп жүреді — сабақта да, үй тапсырмасын орындағанда да, бос уақытында да. Смартфондар, планшеттер мен ноутбуктар ақпараттың негізгі көзіне айналды.

Кітап оқудың орнына — қысқаша мазмұндама. Тереңдеп зерделеудің орнына — жай парақтау. Талқылаудың орнына — қысқа хабарламалар мен пікірлер.

Ғалымның пікірінше, мұндай оқу форматы ақпаратты ұғынып, ой елегінен өткізу емес, тек үстірт шолып шығу әдетін қалыптастырады. Соның салдарынан қабілетті оқушылардың өзі біртіндеп терең ойлау дағдыларын жоғалта бастайды.

Стало хуже: ученый сделал тревожные выводы о поколении Z
Фото. Shutterstock.com. Автор. Gorgev.

Технологияға қарсы емес, талапты оқуды қолдайды

Хорват технологияның өзіне қарсы емес екенін баса айтады. Оның ұстанымы — талабы жоғары, мазмұны терең білім беру.

Ол мектептер экран алдындағы уақытты шектеп, зейін мен күш-жігерді талап ететін тәжірибелерді қайта енгізуі керек деп санайды: толыққанды оқу, күрделі тапсырмалар және ұзаққа созылатын дайындық.

Тарихи бетбұрыс

Ғалымның айтуынша, ең алаңдатарлық тұжырым — жүз жылдан астам уақыт бойғы бақылауларда алғаш рет жаңа буынның танымдық дамуы алдыңғысынан әлсіздеу болып шыққаны.

XIX ғасырдың соңынан бері әр буын өз ата-анасымен салыстырғанда зияткерлік көрсеткіштерін ұдайы арттырып келген еді.

«Бетпе-бет келуге тура келетін көңіл құлазытар шындық мынау: балаларымыз, жалпы алғанда, біз олардың жасында болған кезімізбен салыстырғанда танымдық тұрғыдан төмендеу дамыған», — деді ғалым.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше