Қазақтар әлемді жаулап жатыр! Жаһанға танымал әнші Дуа Липа отандасымызбен бірге жұмыс істеді. Абай обласының қарапайым мұғалімі поп-әншінің трегіне оранжировка жасап берген. Ол — Ерқанат Ерғазыұлы есімді биология пәнінің оқытушысы. Қарауыл ауданында мектепте қызмет ететін ұстаз музыка әрлеуші болып қосымша қызмет атқаратын болып шықты. Еске салсақ, Ерғазы бұған дейін, Say Mo, BikaBreezy, Delacure, Ric сынды өнерпаздардың туындыларын өңдеген.

Былтыр желтоқсан айында Ерқанат американдық рэпер Lil Tjay & Fivio Foreign ұсынған «Last Christmas» композициясына бит жасаған продюсер. Қазіргі таңда қарапайым мұғалім 3 мамыр күні жарық көретін Дуа Липаның «Radical optimism» альбомына енетін тректің бірін әрлеген.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @dualipa

Поделиться: