Мадина Садуәқасова инстаграм парақшасында сұрақ-жауап айдарын өткізді. Эстрада жұлдызы фолловерлеріне өмірлік ұстанымы жайлы айтып берді. Әнші өзінің басынан талай сынақ өткенін, оны қалай жеңгенімен бөлісті.
«Өмірімде болмады емес болды, сынып қалатын кездер, сәттер… Менде бір қағида бар: «Өлмедің ба, 12 мүшең сау ма тұр да тек алға және сені қиындыққа, проблемаға тыққан адамдарды өмірімнен жоқ қылдым! Сен өзің үшін Королевасың, ең сүйікті, сұлу. Бұны әжем кішкентайымнан миына құйып тастаған, миллион рет қайталап. Әнші ретінде мың конкурс, сынақтардан өттім, әлі күнге дейін графикте бос орын жоқ. Ақшамды адал еңбекпен, таза жолмен табамын, адам баласын құрметтеп, сыйлап үйренгенмін, біреудің ала жібін аттап, еңбегін жеп алдаған емеспін! Жақсыны жақсы деп жаманнан аулақпын…» , — Садуәқасованың оқырмандарына айтар кеңесі осы.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @sadvakasovamadina