24.02.2014! Мадина Сәдуақасованың тұрмысқа шыққанына 10 жыл! Әнші өміріндегі ең маңызды сәтті еске алып, желіде күйеуімен ерекше контент ұсынды. Отбасылық мерейтойларын атап өткен жұлдыз жұп, үйленген кезде талай хейттің астында қалған. Еске салсақ, Мадинаның жұбайы — Олжас Смағұлов есімді режиссер. Ол Сәдуақасовадан 6 жасқа кіші.
Бір қызығы, Мадина жүктеген видеода, әншіге жазылған хейтті де көре аласыз. Арада 10 жыл өтсе де өнер иесі әлі күнге дейін халықтың кереғар пікірін естіп келеміз дейді.
«2 ақпан, 2014 жылы мен тез қартайып кеттім. «Жас баланың басын айналдырғыш» деген атаққа ие болдым. Өйткені, өзімнің теңіме шықпадым. Сол кезде өзім туралы өмірімде бірінші рет ең көп жаман сөздер естідім. 10 жыл өтті. «Қандай жарасымды жұп», «Енді тойға неге Олжаспен бармайды», «Неге күйеуін инстаға салмайды» деген сөздерді әлі естіп келеміз. Уақыт-ай! Тез-ақ өтіп кетеді екен ғой?!. Құтты болсын,10 жылдық!», – деп Мадина Сәдуақасова тойдағы видеоларды көрсетіп, оқырманын ностальгияға бөледі.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @sadvakasovamadina