Соңғы кездері бьюти әуесқойлары арасында жаңа майлы техника сұранысқа ие бола бастағанын Harper’s BAZAAR India хабарлайды. Мұндай әдіске сәйкес, өсімдік тектес майлы ингредиентті ысқылау арқылы терідегі барлық кемшіліктерден – майлы тығындардан бастап пигментті дақтарға дейін – арылуға болады. Бірақ май бетіңіздегі қара нүктелер мен безеулерден шын мәнінде көмектесе ме? Бұл туралы мамандар айтып берді.
Алдымен, өзіңізге мінсіз өнімді таңдауыңыз керек (минералды май немесе май негізіндегі тазартқыш құрал). Содан кейін оны бетке 10-15 минут бойы уқалаңыз. Біраз уақыттан кейін теріңізде ұсақ түйіршіктерді сезіне бастайсыз – бұл тері тесіктерінен шыққан ластанулар. Процедураны глинялы маскамен аяқтаған жөн, ол терінің теңгерімін қалпына келтіруге көмектеседі.
Бьюти индустриясының жанкүйерлері бұл әдіс теріні терең тазартады, тесіктерді тарылтады, өлі жасушалардан жұмсақ тазартуды қамтамасыз етеді және теріні жақсы ылғалдандырады деп есептейді.

Фото. Shutterstock. Автор. Lyubov Levitskaya
Мамандардың пікірі қандай?
Бұл техника туралы мамандар арасында нақты пікір жоқ. Кейбір дерматологтар дәл осы әдістің қара нүктелер мен тығындардан 100% құтылуға көмектесетініне күмәнмен қарайды. Олардың пікірінше, уқалау кезінде сезілетін ұсақ бөлшектер негізінен макияждың қалдықтары мен өлі жасушалар. Майдың тері тесіктеріне терең еніп, барлық ластануды шығара алуы екіталай.
Басқа сарапшылар мұндай нәтижеге (кемшіліктерден арылу) май қолданбай-ақ қол жеткізуге болатынын айтады. Кез келген жұмсақ тазартқыш құралды пайдаланып, бетіңізді бірнеше минут бойы уқаласаңыз, ұқсас әсер аласыз.
Егер сіз май қара нүктелерден тиімді құтқарады деп ойласаңыз, жоғарыда сипатталған әдісті қолданып көріңіз. Бірақ сақ болыңыз, әсіресе теріңіз сезімтал болса. Майлар кей жағдайда терінің тітіркенуіне және қызаруына әкелуі мүмкін. Сондықтан мамандар бұл әдістің орнына тазартқыш майларды, бета-гидроксиқышқылын, салицил қышқылын немесе ретиноидтарды қолдануды ұсынады. Бірақ алдымен дерматологпен кеңесіп алған жөн.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Аударған. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Shutterstock. Автор. New Africa.