«Күйеуіңіз қайда?» Дәл осы сұрақ Мақпал Исабековаға оқырман тарапынан қойылды. Әнші осы орайда, күйеуінен бөлек тұратынын мәлімдеп, себептерін айтып берді. Соңғы бірнеше жыл декретте отырған Исабаекова өзі Алматы қаласында тұрақтаған, ал сүйіктісі бүгінде Шымкентте екен. Эстрада жұлдызы оған себеп, оның жұмысы дейді. Мақпал болса шығармашылыққа байланысты туған қаласына аяғы ауыр кезде қайта көшіп келген екен. «Күйеуім ара-тұра келіп тұрады», — дейді Исабекова.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @makosyai