Мақпал Исабекова желіде ағынан жарылды. Әнші инстаграм парақшасында бұрыңғы қарым-қатынасын еске алып, оның қалай сәтсіз аяқталғанын айтты. Макосяй өзінің күйеуін кездестірмей тұрып, экс-ғашығымен болған тәжіриебе жүрегін жаралағанын мойындады. Ол тіпті, болашақта тұрмысқа шықпаймын деп өзіне ант берген екен.
«Менің шынайы сезімдерімді аяққа таптап, жүрегімді жаралады. Бұдан былай қарым-қатынас құрмаймын деп өзіме сөз беремін. Тіпті тұрмысқа да шықпаймын», — деп Мақпал Исабекова қатты ашулы болған екен. Алайда әнші қазіргі күйеуін кездестіріп, жеке өмірінде барлығы өзгергенін айтты.
Еске салсақ, Исабекова 2021 жылы тұрмысқа шықты. Бүгінде әншінің Теодор есімді ұлы бар. Бірақ, Мақпалдың күйеуі жайлы ешқандай ақпарат жоқ.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @makosyai