«АЛМАТЫЛЫҚ ДЖАЗ VOL. 3» – M’Dee-ден камбэк! Музыкант шығармашылығындағы біраз үзілістен кейін жай ғана трек емес, толыққанды альбом ұсынбақ. Бұл үнтаспа 7 жыл бұрын жарық көрген «Алматылық джаз» жинағының жалғасы, яғни үшінші бөлімі. «Zakrytyi Club» лейблының продюсері әрі негізін қалаушы алғашқы әннің тизерін де жариялады. Композицияның атауы – «Колени». Альбомның тұсаукесері 4 сәуірге жоспарланып отыр.

«7 жыл бұрын мен «Алматылық джаз» атты алғашқы альбомымды шығардым, ал бір жылдан кейін оның жалғасы жарық көрді.

Содан бері мен туған Алматыдан кетіп, vol.2 сүйікті қалам туралы соңғы альбомым болып қалады деген ойға үйреніп кеткен едім,

бірақ…

…мен қайтып оралдым!» – деп, Мади Тоқтаров тыңдарманымен сүйінші жаңалығымен бөлісті.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото: Instagram @mdeemusic

Поделиться: