Мерей Әбілова ақ келін атанды! 2,1 миллион оқырманы бар танымал блогер күні кеше құтты ұясынан ұшып, өзінің сүйіктісіне ұзатылды. Еске салсақ, Қазақстандық футболшы – Димаш Қашкен осыдан 7 ай бұрын аруға Париж қаласындағы Эйфель мұнарасының алдында жүзігін ұсынған еді.

20 жасында тұрмысқа шыққалы отырған Мерейге 7 миллион теңге қалың мал берілсе, салт-дәстүрге сай  —  «Ана сүті», «Әке күші», «Өлі-тірі» сыйлары бөлек табысталды.

Ал, екі әулет құдалықта бір-бірінен аянып қалмады. Өзара кәде-сыйлар алмасып, тек бағалы брендтерден киіт кигізді. Енді қос ғашық үлкен тойдың дайындығына кіріскен.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @abilovva_m

Поделиться: