Музыкант Mona Songz тыңдармандарын жаңа трегімен қуантты. Өнерпаз алғаш рет қазақ тілінде «Жаныма кел» атты туындысын ұсынды. Әдетте лирикалық композицияларымен көпшіліктің көңілінен шығып жүрген Манарбек Жұматай бұл жолы динамикалық ән жазған.

MONA SONGZ

Дегенмен, жаңа туынды әзірге музыкалық платформаларға жүктелген жоқ. Себебі меломандардың  әсерін білу мақсатында, telegram каналы арқылы ғана таратып, эксперимент жасап көрмек. Еске салсақ, Монаның бұған дейінгі қазақша тректері 4 жыл бұрын жазылған еді.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.

Поделиться: