Ninety One тобының экс-мүшесі Азамат Зенкаев, Ерке Есмаханмен қарым-қатынасы жайлы алғаш рет ауқымды сұқбат берді. Музыкант YouTube платформасындағы TALK LIKE жобасына бұрыңғы ғашығымен не себепті айырылысып кеткендері мен Еркенің RaiM-мен үйлену тойы жайлы пікірін білдірді.
«Бақытты болсын деп. Жақсы болсын бәрі. Күшті болсын деп қабылдадым. Өте күшті қабылдадым. Жо-жоқ… Ол нәрсені ойлап, мұңға батуға уақыт жоқ. Менде басқа қырлары жетіп жатыр ғой. Бәрі айтады. Маған хабарласып, «бірдеңе, қалайсың» деген әңгіме айтады. Мен «Қудыртпаңдарш, қойыңдаршы. Бастарың істемей ме? Не айтып жатсыңдар?», — деймін. Өмірде қосылу болады, ажырасу болады. Әр адам өз өмірін сүреді. Әр адам өзі біледі деген сияқты. Сол себептен бәрі жақсы болса, ең бастысы бақытты болса болды. Бір-бірін тауып жақсы болса, мен қуанамын. Біреудің қуанышына неге қуанбасқа? Баянды, өмір бақи болғанын қалаймын», — дейді A.Z Еркенің тұрмысқа шығуы жайлы.
Ал, Азамат өзінің Еркемен махаббаты қалай басталғаны туралы былай деп жауап берген.
«Баурап алды. Ой салып жіберді. Өзімнің тіліммен «қудырып жіберді» деп айтамын. Ол маған жазды. Мен оған өлең жазып бергем, сол мәселемен кездескен болатынбыз. Өзі әзілдейтін қыз ғой. Сөйтіп әңгімеміз жарасып кетті. Сөйтіп баурап алды. Алданып қалдым… Ойнап айтамын. Анаммен таныстырдым. Сол кезде сезімім болған шығар. Ол мені тастап кетті деп айта салайық».
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @xciii.ix.xxviii