Отандық оператор Еркінбек Пітірәлиев «Оскар» сыйлығына дауыс беретін алғашқы қазақстандық атанды. Киногер «Оскар» академиясының ресми мүшесі болғанын өзінің инстаграм парақшасында мәлімдеп, оқырманынан сүйінші сұрады. Еске салсақ, Еркінбек бұған дейін Америка киноакадемиясында қызмет еткен. Енді оператор «Оскар» сыйлығына дауыс беріп, жеңімпазды таңдамақ.

«Үлкен жаңалық! Мен қазір Оскар академиясының мүшесі екенімді мақтанышпен жариялаймын!Бұл Мен үшін үлкен құрмет және кино әлеміне қосқан үлесімді мойындау. Мен әлемнің түкпір-түкпірінен киноиндустрияның ең жақсы өкілдерін біріктіретін осындай беделді ұйымның бір бөлігі болудың керемет мүмкіндігіне ризамын. Кино өнерінің болашағын қалыптастыратын маңызды шешімдер мен дауыс беруге қатысуды асыға күтемін. Осы жолда маған қолдау көрсетіп, сенгендердің барлығына рахмет», — деп Еркінбек желіде жағымды жаңалықпен бөлісті.

Ал Еркінбек Пітірәлиев 1989 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Ол 2011 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кинематография факультетін, 2013 жылы Қазақ ұлттық өнер университетін бітірген. Еркінбек Пітірәлиев «Атбайдың шайқасы», «Сары мысық» сынды авторлық фильмдердің операторы болған.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @kinomvn

Поделиться: