Қарым-қатынастағы романтика әрдайым армандағандай бола бермейді. Кей кезде тіпті серіктестердің бірі опасыздық жасайды, кейде екеуі де бір-бірінің көзіне шөп салады. Әрине мұндай қиындықты төзу мүмкін емес, бірақ бұл өмір. Біз төменде сатқындық жайлы үздік фильмдердің тізімін ұсындық.

Жақындық, 2004ж

Жұптың романтикалық қарым-қатынасы сабырлық пен төзімділікке деген сынақтан тұрады. Сонда ғана екі ғашық бір-біріне толықтай сенім арта алады.

Кеше түнде Нью-Йоркте, 2009ж

Сюжет желісінде басты кейіпкер сырттай ғашық болып жүрген өзінің әріптесімен бірге іс-сапарға баруы керек болады. Ал, ару кездейсоқта өзінің бұрыңғы сүйіктісін кездестіріп, онымен кешкі асқа кетіп қалады.

Соңғы бес жыл, 2014ж

Өтірік пен сатқындық: опасыздық туралы ең үздік фильмдер

Егер жұмыстағы романтиканы қандай да бір жолмен кешіруге болатын болса, әйелінің артынан тағы бір өзге әйелмен қарым-қатынасқа көз жұмып қарау мүмкін емес. Оның арты жаман болмақ….  

Басқа әйел, 2014ж

Қарапайым Марк Кинг бір уақытта үш бірдей әйелмен көңіл жарастырады. Олардың әрқайсысымен қарым-қатынаста жүрген сәтте, әйелдер біліп қояды. Ең сорақысы бұл опасыздықты олар бір күнде естиді.

Сатқындық маусымы, 2017ж

Мінсіз отбасының күйін кешіп жүрген жанұя, сырттай бақытты көрінгенімен өзара түсініспеушіліктермен өмір сүреді. Бұл ұзақ уақытқа апармайтыны сөзсіз.

Неке туралы хикая, 2019ж

Егер сіз көңіліңізге ерік беріп, жылауға дайын болсаңыз, онда «Неке туралы хикая» фильмін тамашалаңыз. Скарлетт Йоханссон мен Адам Драйвер басты рөлді сомдайтын лента режиссер Чарли мен актриса Никольдің оқиғасын баяндайды.

Әйел кедергі емес, 2018ж

Дәурен Айдарқұлов, Әсел Сәдуақасова және Сая Оразғалиева басты рөлді сомдайтын «Әйел кедергі емес» комедиясы опасыздық жайында. Туындыда отбасылық құндылықтарды әзілмен астарлап жеткізген.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Shutterstock. Автор: conrado.

Поделиться: