Приянка Чопра мен Ник Джонаның үйлену тойын бүкіл әлем тамашалады. Көптеген жанкүйерлер үшін Ник пен Приянка арасындағы қарым-қатынас тез дамып кеткені ғана емес, жас айырмашылығына байланысты шынайы болып көрінбеді. Жасыратыны жоқ, Приянка Чопра күйеуінен 11 жас үлкен. Біз әйелі өз күйеуінен үлкен тағы 9 жұпты еске түсіруді шештік.

Приянка Чопра және Ник Джонас

Брижит және Эммануэль Макрон

Францияның бірінші ханымы өзінің сүйікті адамынан 25 жас үлкен. Ерлі-зайыптылар алғаш рет 1993 жылы танысты. Эммануэль Макрон  сүйіктісінің қызымен жасты және оның сыныптасы болған. Брижит тіпті болашақ президентке француз тілін, әдебиет және театр өнерінен тәлім берген. Жас ерекшелігі болашақ ерлі-зайыптыларды мүлде мазаламады және олар осылай жұп болды. Ал 2007 ресми түрде ерлі-зайыпты атанды. Бүгінде Брижит пен Эммануэль Макрон — берік те берекелі отбасының символы.

Дебора-Ли Фернесс және Хью Джекман

Екі әртістің арасындаға қарым-қатынас «Коррелли» телехикаясынан басталды. Түсірілім кезінде Дебора Австралияда бұрыннан танымал болған, ал Хью Джекман мансабын жаңа бастаған болатын. Олар бір-біріне бір көргеннен ғашық болып қалды. Бір жылдан кейін, 1996 жылы Дебора Ли Фурнесс пен Хью Джекман үйленді. Биыл ерлі-зайыптылардың 22 жылдығы тойланды. Олардың арасындағы жас айырмашылығы – 13 жыл.

Джулианна Мур мен Барт Фрейндлих

Мұның бәрі қызметтік романнан басталды, шебер актриса және жаңадан шыққан продюсер «Өткеннің көлеңкелері» фильмінде жұмыс кезінде қарым-қатынасты бастады. Ерлі-зайыптылар үйлену тойынан жеті жыл бұрын 2003 жылы кездесіп жүрді. Бүгін 58 жастағы Джулианна мен 48 жастағы Барт екі баланы тәрбиелеуде.

Сэм Тейлор-Вуд пен Аарон Тейлор-Джонсон

ПРИЯНКА ЧОПРА + НИК ДЖОНАС және әйелінің жасы күйеуінен үлкен әдемі 9 жұп
@samtaylorjohnson

«Анна Каренина», «Пипец 2» және «Джоном Леннон болу» фильмдерінде ойнаған әртіс өзінің болашақ әйелін түсірілім алаңында кездестірді. Ол кезде Аарон Тейлор-Джонсон 19 жаста, ал Саманта Тейлор-Вуд 42 жаста еді.

Камерон Диас және Бенджи Мэдден

Кэмерон Диас күйеуі гитарист Бенджи Мадденнен сегіз жас үлкен. 2015 жылы ерлі-зайыптылар үйлену тойын өткізді. Актриса жас пен бойдың айырмашылығы оны мүлдем мазаламайтынын мойындайды.

Крис Дженнер мен Кори Гэмбл

Голливудтың басты мамаджері (мама және менеджер сөздерінің қосындысы) Крис Дженнер өзінен 25 жас кіші Кори Гэмблмен  қарым-қатынаста болғанына төрт жыл болды. Іскер әйел мен жұлдыздардың агенті өмірдің ащысы мен тұщысынан бірге өтті.

Ева Мендес пен Райан Гослинг

Райан Гослинг Ева Мендес

2011 жылы Эва Мендес пен Райан Гослинг бiр фильмнің түсірілімінде кездесті, содан бері олар ажырамады. 44 жастағы актриса мен 38 жастағы актердің екі қызы өсіп келе жатыр. Ал жазда ерлі-зайыптылар үшінші балаларын күтетіні туралы хабарлады.

Дана Орманбаева мен Даут Шайхисламов

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Много раз я получала письма от соотечественниц с вопросами, как быть в той или иной ситуации с мужем, когда не получается ничего построить. Когда ссоры и полное разногласие… Очевидно, что я не пишу на тему «женского счастья». Однако решила нарушить правило и фрагментом одного сообщения поделиться с вами. После вчерашнего тренинга получаю feedbackи со словами благодарности. Спасибо, дорогие. Девушка пишет, что вчера, вернувшись домой, почувствовала себя иначе. Ей захотелось поскорее увидеть мужа и сказать ему хорошие слова о том, что непременно надо быть союзниками и она готова трудиться в партнёрстве ради их долгой и счастливой жизни. А в ответ услышала грубость, оскорбления и резкие заявления о желании развода: “Ты просто тварь и никогда не будешь мне союзником. Я всегда буду выше тебя. И вообще, ты мне надоела, подаю на развод!». Опечаленная девушка спрашивает у меня совета. Видать, забыв, что не даю советы никогда и никому. Но без ответа оставить молодую маму, добрую, интеллигентную красотку, доверяющую мне и потратившую целый выходной на встречу, не могла. Я написала ей несколько строк о том, что до встречи с Даутом прошла круги ада, безденежья и безнадёги, с больным неходячим тогда ещё ребёнком на руках, без квартиры и полным портфелем обязательств перед боссами и клиентами. И ещё добавила, что мужчина, который любит, не может назвать свою женщину тварью… #ценности #знаниеналадони #союзники #тебяутебяниктонеотнимет

Публикация от Дана Орманбаева (@danapartner)

Журналист және бизнесвумен Дана Орманбаева шоумен Даут Шайхисламовтан 11 жас үлкен. Қазақстандағы ең әдемі жұптардың бірі 10 жылдан астам уақыт бірге болып, төрт баланы тәрбиелеп отыр.

Мадина Сәдуақасова мен Олжас Смағұлов

Бұл қазақстандық әншінің екінші неке құруы. Мадина мен Олжастың жас айырмашылығы жеті жылға жуық.


Harper’s BAZAAR Kazakhstan.

Поделиться: