«Қазақстан аруы — 2023» сұлулық байқауының жеңімпазы анықталды. Алматы қаласының атынан қатысқан Сәбина Ыдырысова тәж киді. 21 жастағы бойжеткен сондай-ақ, 5 миллион теңгелік сертификант иеленді. Конкурсқа 17 мың бикеш өтініш білдірсе, оның 25-і үміткер атанды.
Еске салсақ, байқау экологияны қорғау аясында «Болашақты аяла» — «Защити будущее» ұранымен өтті. Қазылар алқасының құрамында Айдай Исаева, Томирис Кәкімова, Еркебұлан Тоқтар, Жания Джуринская, қырғыз дизайнері Арзубек Вонама, Анжела Пересыпкина және Мадина Сәдуақасова болды.
Сәбина Ыдырысова – кәсіби балерина. Соңғы 3 жылда «Астана балет» театрында өнер көрсеткен. Алайда осы жылдың жазында Сәбина бұл мансабын ресми тоқтатқанын мәлімдеген. Бүгінде модель ретінде де бой көрсетіп жүрген ару, алдағы уақытта актриса ретінде, өзін үлкен кинодан сынауға ниетті.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @missqazaqstan.official